Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ә. Смайылов пен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның бірнеше қоғамдық ұйымы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын (ҚӘҚ) құрды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қордың құрылтайшылары «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы қызметіне мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Болат Жәмішевті сайлады. Бақылаушылар кеңесіне денсаулық сақтау мен білім беру салаларының белгілі қайраткерлері, сондай-ақ ҚР қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кірді.

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады. Қордың қызметі қоғамды біріктіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді.

Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарда бар.

ҚР Үкіметінің басшысы Ә. Смайылов пен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды.

Үкімет бизнес өкілдерін, ең алдымен, ірі бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытып, Қорды қаржыландыруға көмек көрсетуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты