Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды

Алматыда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға түн ортасы шамасында қаланың Әуезов ауданында орын алған.

– Мен №14 модульдік бекетте қызметке тұрдым. Бір кезде ағаштардың арасынан бір адамды байқадым. Ол өзін күдікті ұстады. Жақындаған кезімде оның асылып қалғанын байқадым. Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, адамды түсірдім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілерін көрсетпеді. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде жедел жәрдем келді, – дейді жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Санат Шөнеков.

Абырой болғанда, ер адам аман қалды.

– Бұл 37 жастағы С.есімді азамат. Неліктен ер адам мұндай шарасыз әрекетке баруға шешім қабылдады, біз оны тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді, – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты