Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқандар сотталды

Алматы қаласында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша аса ірі көлемдегі қылмыстық істер бойынша үкімдер күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші үкім мефедрон өндірісін есірткі өткізу мақсатында ұйымдастырған 24 жастағы Х. Исламов және 25 жастағы С. Епифанов деген қала тұрғындарына қатысты. Сот анықтағандай, олар бұрын есірткіні бір реттік дозаға бөліп, оларды байланыссыз түрде сату арқылы ақша табуға тырысқан. Полицияның назарына түспеу үшін қылмыскерлер есірткі партиясын бөліп-орау үшін пәтерлерді тәулікке жалға алып отырған. Кейіннен олар қамауға алу қаупін азайтып, кірістерін көбейту туралы шешім қабылдап, мефедрон өндірісін ұйымдастырған.

Саяжай үйін жалға алып, өндіріске қажетті химиялық заттар мен жабдықтар әкелген. Бұл уақытта олар полицияның бақылауында еді. Төрт күннен кейін есірткінің бірінші партиясын өндіру кезінде қылмыскерлер ұсталған.

Саяжай үйін тінту барысында полиция қызметкерлері өндірістің соңғы сатысындағы мефедрон ерітіндісін, есірткі іздері бар жабдықты және оны дайындау мен өткізуге қажетті түрлі заттарды тапқан. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген синтетикалық есірткінің салмағы 4 келі құрады, бұл аса ірі өлшем болып есептеледі.

Сотталушылардың жас балаларының бар болуын, сондай-ақ олардың тергеуге белсенді жәрдемдесуін ескере отырып, Х. Исламов пен С. Епифанов әрқайсысына 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екінші үкім Алматы қаласының 27 жастағы тұрғыны М. Шевцовқа қатысты болды, ол да сату үшін мефедрон өндірісін ұйымдастырған.

Айыпталушы көрсеткендей, есірткінің алғашқы партиялары дұрыс шықпаған, жасай алмаған. Сондықтан синтетика өндірісі үшін ол өзінің тұрғылықты жерінен алыс емес жерде пәтер жалдап, екі күн бойы оны “технологиялық процесті” мұқият сақтап отырып дайындаған.

Тінту барысында жалға алынған пәтерде қылмысты аса ірі мөлшерде есірткі өндірісі ретінде саралауға мүмкіндік беретін барлық дәлелдер табылған. Оларды өндіруге және өлшеп орауға арналған жабдықтар, сондай-ақ 200 грамм дайын зат тәркіленді.

Сот отырыстарында Шевцов жеке тұтыну үшін есірткі шығарғанын айтып, жазаны азайтуға тырысқан. Алайда сотқа ұсынылған дәлелдер бұл айғақтарды жоққа шығаруға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, Шевцов 297-бапта (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкімдер заңды күшіне енді. Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейтін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді