Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пенжімдегі төбелестің жай-жапсары айтылды

Алматы облысының Полиция департаменті Пенжім ауылындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 27 қазанда сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім ауылында мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысушылардың бірінің үйі маңына 30-ға жуық адам жиналғаны туралы ақпарат түскен.

"Бір топ адам бірқатар жекеменшік үй терезесін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырған. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 2-бөлімі ("Бір топ адамдар жасаған бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полицейлер ауылдағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Сағат 22:45-те Панфилов аудандық полицияның  кезекші бөліміне Пенжім ауылындағы жаңа ғимараттағы үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесінің айтуынша, өрттің шығуына пеш жүйесіндегі ақау себеп болған. Сағат 23.30 шамасында өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің оқиғаға қатысы жоқ", - деді полиция өкілдері.

"Алматы облысының Полиция департаменті шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланған болатын. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді