Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция 2025 жылдың екі айында іздеуде жүрген 311 адамды ұстады

Полиция 2025 жылдың екі айында іздеуде жүрген 311 адамды ұстады
Фото: Polisia.kz

2025 жылдың екі айында Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде: кісі өлтіргені үшін - 7 адам; қарақшылық шабуыл жасағаны үшін - 1 адам; денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін - 6 адам; тонау жасағаны үшін - 7 адам; бопсалау қылмысы үшін – 1 адам; ұрлық үшін - 75 адам; есірткімен байланысты қылмыстар үшін 10 адам құрықталды. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 145 адамның жүрген жері анықталды.

- Өткен жылы Астана қаласында тұратын азаматтың автокөлігін ашық түрде тартып алған 40 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталды. Маңғыстау облысында 50 жастағы ер адам құрықталды. Ол былтыр жазда тоғыз келіден астам гашиш сатқан, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. 

Қазақстан полицейлері ТМД және алыс шет елдер үшін 85 қылмыскерді ұстады.

- Мысалы, Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде екі жыл бұрын Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шетел азаматы ұсталды. 2014 жылы Тәжікстан полицейлері одан 72 келіден астам гашиш тәркілеген, - деді Қанат Нұрмағамбетов. 

Спикердің сөзінше, шетелдік әріптестермен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде республикадан тыс жерлерде іздеуде болған 21 адам анықталып, ұсталды. 

- Польшадағы Варшава әуежайында ер адам ұсталды. Ол 2014 жылы Қазақстан Республикасы азаматтарын алдап, бір миллиондай АҚШ долларын қолды еткен. Түркия Республикасының Анталья қаласында 39 жастағы әйел ұсталды. Ол да алматылық тұрғындарды алдап, 146 мың АҚШ доллар алған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді полиция полковнигі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты