Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді. Оның ішінде 63-і – қылмыстық қару, ал 49-ы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Сонымен қатар 2 мыңнан астам оқ-дәрі алынған. 10 наурыздан бастап елімізде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында заңсыз айналымдағы қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

Іс-шара басталғалы бері: – заңсыз айналымнан 105 қару, 260-тан астам патрон және 13 жарылғыш құрылғы тәркіленді; – қару мен оқ-дәрі сақталған 19 жасырын орын анықталды; – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару, сондай-ақ полицияның қызметтік жабдықтары тәркіленді. Олардың ішінде бір тапанша, екі ойық ұңғылы карабин, 3 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ оқ өткізбейтін кеудешелер бар. ЖПІШ барысында азаматтар 10 қаруды ерікті түрде тапсырды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың 70-тен астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 6 наурыз күні Алматы облысында облыстық полиция департаменті мен ҰҚК департаменті қызметкерлері Қонаев қаласының шетінде жасырын қойманы анықтады. Онда Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді. 11 наурызда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылының маңында, Талас өзенінің жағасынан криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аңшылық мылтықтарды тауып, тәркіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі