Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегі анықталды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық "Заңсыз келуші" іс-шараның алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері 636 құқық бұзушылықты анықтады. Анықталған деректердің басым бөлігі шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауына байланысты.

– Іс-шараның екі күні ішінде 636 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 513 шетел азаматы Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған, 107 қабылдаушы тұлға олардың заңды болуын қамтамасыз етпеген, ал 16 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Сот шешімімен 76 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі анықталып, іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда, — деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полицияда атап өткендей, аталған іс-шаралар тек заң бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алуға және "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті