Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына тұрақты мониторинг жүргізіледі

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына тұрақты мониторинг жүргізіледі
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Кезекті көшпелі отырыс аясында делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия «Шарын» және «Алаш» көтерме базарларында мониторинг жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мониторингке қала әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер, техникалық реттеу және метрология департаменттерінің, полицияның және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кәсіпкерлерге заңнама талаптары түсіндіріліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздан аспайтын сауда үстемесін сақтау қажеттігі ескертілді.Сонымен қатар ақпараттық жүйелерді міндетті түрде пайдалану талабы ерекше назарға алынды, өйткені оларды қолданбау айналым деректерінің бұрмалануына және делдалдық схемалардың пайда болуына әкеледі. Осыған байланысты мұндай субъектілер бақылаудың басым бағытына енгізілген.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар береді. Талаптар орындалмаған жағдайда, соның ішінде ақпараттық жүйелерді міндетті түрде пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ол айыппұл салуды және заңнамада белгіленген тәртіппен неғұрлым қатаң шараларды қолдануды, қажет болған жағдайда материалдарды сот тәртібімен қарауды қамтиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады