Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі қызметіне тағайындалған Әсел Жанасованы министрлік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Премьер-министр Нұрлан Сауранбаевқа еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Әсел Жанасованың мол еңбек тәжірибесі атап өтілді.

Әсел Жанасова әр жылдары «Зерде» холдингі және «Қазпошта» акционерлік қоғамын басқарған. Сонымен қатар сауда және интеграция вице-министрі, Президент кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Олжас Бектенов сала алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. 

«Президент келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамыту саласын да қамтиды. Алдымызда тұрған міндеттер айқын. Еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз керек. Келер жылы көлік саласының барлық бағыты бойынша ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Көлік министрлігінің негізгі басым бағыттары қатарында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының жоғары сапасын қамтамасыз ету, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту, 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялауды аяқтау, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайту міндеттері айқындалды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды