Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ташкентте Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумы өтті

Ташкентте Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумы өтті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бастаған қазақстандық делегация Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Форум жұмысына Еуропалық одақтың комиссарлары, еуропалық қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ Орта дәліз бойында орналасқан елдердің көлік министрлері қатысты.

Іс-шара аясында Орталық Азия, Еуропалық одақ, Оңтүстік Кавказ және Қара теңіз аймағы елдерінің көлік министрлерінің кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Көлік министрі панельдік сессияда және министрлер кездесуінде баяндама жасап, ЕО-ның «Global Gateway» бастамасы аясындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Сондай-ақ ТХКБ бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеу арқылы институционалдық базаны қабылдаудың маңыздылығы айтылды.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар Транскаспий көлік дәлізін дамыту шеңберінде аймақтар арасындағы серіктестікті кеңейтуге деген ортақ ұстанымды атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады