Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ұйымдасқан түрде жасалған ұрлық қылмысы ашылды

Астанада ұйымдасқан түрде жасалған ұрлық қылмысы ашылды
Фото: polisia.kz

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері елорда базарының аумағында жасалған ұрлық қылмысын ашты,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгісіз тұлғалардың базар аумағында тұрған Lexus RX 270 көлігінің салонына заңсыз кіріп, қоңыр түсті әйелдер сөмкесін жасырын жымқырғаны анықталды. Сөмкенің ішінде 80 мың теңге, 100 АҚШ доллары және алтын бұйымдар болған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 500 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғандай, жәбірленуші автокөлігін базар аумағындағы контейнер маңына қойып, көлікті құлыптамай, қараусыз қалдырған.

Бейнежазбаларды қарау барысында күдіктілердің алдын ала келісіп әрекет еткені белгілі болды. Олардың бірі жәбірленушінің соңынан еріп, оның іс-қимылын бақылаған. Екінші адам оқиға орнынан сәл қашықта тұрып, айналадағы жағдайды қадағалап отырған. Ал үшінші күдікті автокөлікке жақындап, салонға кіріп, сөмкені ұрлап кеткен. Қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілер әртүрлі бағытқа тарағанымен, кейін базар аумағындағы шығаберісте қайта кездесіп, оқиға орнынан бірге кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарға бағалы заттарын көлік ішінде қалдырмауды, автокөлікті міндетті түрде құлыптап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды