Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс "ізін суытпай" ашылды

Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс "ізін суытпай" ашылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кентау қаласында ақша қаражаты мен алтын бұйымдар сақталған сейфті ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Анықталғандай, екі күдікті түнгі уақытта жеке тұрғын үй ауласына заңсыз кіріп, пластикалық терезені бұзып, сейфті алып шыққан. Жәбірленушінің айтуынша, сейфтің ішінде 300 АҚШ доллары және шамамен 4 млн теңгеге бағаланған алтын әшекей бұйымдар болған. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап ұрлық қылмысын ашуға Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қалалық полиция бөлімімен бірлесіп кіріскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені ұйымдастырылып, оның аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерделенді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы бір тәулік ішінде анықталды. Олардың бірі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталса, екіншісі Астана қаласында анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында күдіктілердің қылмысты оңай олжа табу мақсатында алдын ала жоспарлағаны белгілі болды. Олар ұрланған сейфті ашып, ішіндегі алтын бұйымдарды келесі күні ломбардқа өткізген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция бөтен мүлікті ұрлау – ауыр қылмыс екенін және ол міндетті түрде заңға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады