Басқа мемлекеттің азаматтығын алу Қазақстан азаматтығынан айырылуға әкеп соғады. Шетел азаматтығын алған адам бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органдарға хабарлап, Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін тапсыруға міндетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Тағы 48 адам белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайлардың бірі Глубокое ауданында анықталды. 63 жастағы жергілікті тұрғын 2023 жылдың шілдесінде шет мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уәкілетті органдарға уақытында хабарламаған. Оның Қазақстан Республикасының құжаттары алынып, азаматтығынан айырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелді. Көші-қон қызметі қос азаматтыққа Қазақстанда жол берілмейтінін еске салады. Шет мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда уәкілетті органдарға уақытында хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыру қажет.Бүгін, 16:28
Қос азаматтық: ШҚО-да заң талаптарын бұзған 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз