Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 адам елден шығарылды

ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 адам елден шығарылды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 адам елден шығарылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі 450-ден астам адамның Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқанын тіркеді, олардың басым бөлігі көрші мемлекеттің азаматтығын алған. Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 24 азамат шетелдік азаматтықты алғаны туралы уақытылы хабарламаған, ал 7 адам азаматтығын жоғалтқаннан кейін Қазақстан Республикасының құжаттарын заңсыз пайдаланған.

Сот шешімімен 6 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды. Анықталған жағдайлардың бірі облыс орталығының 43 жастағы тұрғынына қатысты. Ол 2024 жылдың қазан айында өзге мемлекеттің азаматтығын алғанымен, заңда белгіленген мерзімде ішкі істер органдарына хабарламаған. Нәтижесінде, азаматшаның Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуы тіркеліп, еліміздің құжаттары тәркіленді. Полиция өзге мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттарды тапсыруға міндетті екенін ескертеді. Бұл талапты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді