Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий көлік бағытының әлеуетін Жапонияда таныстырды

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий көлік бағытының әлеуетін Жапонияда таныстырды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Транскаспий халықаралық көлік бағытын (бұдан әрі — ТХКБ) дамыту және Токио мен Алматы арасында тікелей әуе рейсін ашу арқылы Жапонияның Орталық Азиямен және Кавказбен көліктік байланысын нығайтуға арналған конференция Токиода өтті. Жапондық инвестицияларды ТХКБ инфрақұрылымына тартуға бағытталған іс-шараға Жапонияның тиісті министрліктерінің, JICA агенттігінің, ROTOBO қауымдастығының және логистикалық бизнес өкілдері кіретін 100-ге жуық тұлға қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев және Әзербайжан Елшісі Фарид Талыбов логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыруға және халықаралық көліктік ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған өз елдерінің көлік жүйелерін дамыту стратегияларын таныстырды. Өз баяндамасында Е.Баударбек-Қожатаев ағымдағы жылғы 15 қазанда Бакуде Президенттер Қ.Тоқаев пен И.Әлиевтің қатысуымен халықаралық деректер алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге және цифрлық коммуникациялардың тұрақтылығын арттыруға арналған. Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің ресми түрде пайдалануға берілгенін атап өтті.

Жапония Экономика, сауда және индустрия мемлекеттік министрі Кей Такаги халықаралық көлік-логистикалық бағыттарды әртараптандыру тұрғысынан Токио үшін ТХКБ-ның стратегиялық маңызы зор екенін мәлімдеді. Ол Орталық дәлізді дамыту Жапонияның Орталық Азия мен Кавказ елдерімен сауда-экономикалық іс-қимылын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашатынына тоқтады.

Жапония Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігі Халықаралық логистикалық кеңсесінің директоры Миеко Коянаги қатысушыларды жапондық компаниялардың Орталық дәліз арқылы жүргізген сынақ тасымалдарының қорытындысымен таныстырды. Бұл тасымалдар бағыттың негізгі параметрлерін, соның ішінде жеткізу мерзімі мен құнын, кедендік рәсімдерден өту ерекшеліктерін және көлік-логистикалық қызмет көрсету сапасын талдауға мүмкіндік берді. Ақтау портындағы кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға Жапонияның жәрдемдесуіне ерекше назар аударылды. Құны 719 миллион иенге дейін жететін жоба жүкті тексеру уақытын үш есе қысқартуға мүмкіндік беретін портты стационарлық ірі габаритті рентген кешенімен жабдықтауды қарастырады.

Іс-шара аясында Air Astana авиакомпаниясының Корея Республикасы мен Жапония бойынша Өңірлік аға менеджері Адель Даулетбек ағымдағы жылғы желтоқсанда іске қосылатын Алматы мен Токио (Нарита әуежайы) арасындағы тұрақты тікелей рейстерге байланысты көліктік қатынасты нығайту перспективалары туралы ақпаратты ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды