Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Камбоджа аграрлық ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Камбоджа аграрлық ынтымақтастықты нығайтады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Камбоджа ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтіп, экспорт көлемін арттыруды, сондай-ақ өнім өңдеу және инвестиция тарту бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Камбоджа Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы министрі Дит Тинамен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Камбоджамен аграрлық әріптестікті нығайту үшін зор әлеуетке ие. Елімізде астық және ет өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін дамыған шикізат базасы мен өндірістік мүмкіндік бар. Біз экспорт аумағын кеңейтуге, сауда байланыстарын нығайтуға және өзара тиімді бастамаларды іске асыруға мүдделіміз. Осы мақсаттағы жүйелі жұмыс екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін», – деді Айдарбек Сапаров.

Басым бағыттардың бірі – астық саудасын дамыту. Бұл салада еліміздің әлеуеті жоғары. Мәселен, соңғы екі жыл қатарынан астық дақылдарының жалпы түсімі 27 млн тоннадан асты. Өткен жылы астық экспорты 15,3 млн тоннаға жетіп, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға өсті. Бұл – соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Осы мүмкіндіктерді ескере отырып, Қазақстан тарапы жергілікті нарықтың қажеттіліктерін, өнім сапасына қойылатын талаптарды және логистикалық жағдайларды назарға ала отырып, Камбоджаға бидай жеткізу мәселесін пысықтауды ұсынды.

Кездесу барысында ет өнімдерінің экспортын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тараптар қазақстандық сиыр және қой етін, оның ішінде халал талаптарына сәйкес келетін өнімдерді жеткізу жолдарын қарастырды.

Өз кезегінде Дит Тина қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде алма мен ет импортының көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ балық өсіру саласындағы сауда байланыстарын дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

«Біз Қазақстанмен аграрлық саладағы әріптестікті нығайтуға мүдделіміз. Кездесу өзара сауданы күшейтуге мүмкіндік бар екенін көрсетті. Келісілген бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, негізгі уағдаластықтарды ынтымақтастық туралы меморандуммен бекітуді ұсынамыз», – деді мәртебелі мейман.

Алдағы жұмысты үйлестіру мақсатында Айдарбек Сапаров бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды. Топ өзара өнім жеткізу шарттарын пысықтау, екі елдің нарықтарына ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға қатысты мәселелерді шешу, өндірушілер мен импорттаушылар арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ өнім өңдеу және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың мүмкіндіктерін бағалау  жұмыстарымен айналысады.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға жан-жақты дайын екендерін жеткізді. 

Әсіресе, сауда байланыстарын дамытуға және бірлескен бастамаларды тиімді жүзеге асыруға баса көңіл бөлінбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды