Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Айдарбек Сапаров гонконгтік инвесторлармен Қазақстанда экологиялық авиациялық отын өндіру мәселесін талқылады

Айдарбек Сапаров гонконгтік инвесторлармен Қазақстанда экологиялық авиациялық отын өндіру мәселесін талқылады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Full Vision Capital (FVC), Towngas және EcoCeres сияқты азиялық жетекші компаниялар делегациясымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту, экологиялық таза заманауи технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Кездесуде техникалық майлы дақылдар негізінде экологиялық авиациялық отын (Sustainable Aviation Fuel – SAF) өндіру жобасына ерекше назар аударылды.

Министр ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамыту мен қосылған құны жоғары өндірістерді қалыптастыру мемлекеттік аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бұл жобаларды іске асыру пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартуға, техникалық майлы дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға және ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін беруге жол ашады», – деді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ азық-түлікке арналған майларды пайдаланбай, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қалдықтарын шикізат ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

Атап айтқанда, биокөмір (Bio-Char) өндіру және «жасыл» метанол өндірісі саласындағы бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделі екендерін алға тарта отырып, межелі жобалардың техникалық өлшемдерін жан-жақты пысықтау және оларды іске асырудың алдағы нақты қадамдарын айқындау жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді