Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі басталды

Астанада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі басталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы Qazaq Creative Hub орталығында Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq жобасы аясында Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі ашылды. 17-18 қазан күндері 80 шебер, дизайнер, суретші және шығармашылық индустрия өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарына өз туындыларын ұсынып, өңірдің мәдени мұрасы мен заманауи әзірлемелерін таныстырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде авторлық картиналар, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, дизайнерлік топтамалар, кілемдер, керамика, қолдан жасалған бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Келушілер қарағандылық шеберлердің шығармашылығымен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымдарын тікелей авторлардан сатып ала алады.

Экспозицияның жеке бір бөлігі заманауи технологияларға арналған. Мұнда IT, жасанды интеллект, ұшқышсыз технологиялар және өнеркәсіптік 3D-басып шығару салаларындағы әзірлемелер ұсынылған.

Абай тігін фабрикасы сырт киімдер топтамасын, оның ішінде күртешелердің заманауи үлгілерін таныстырды. Сондай-ақ көрмеде көркем инсталляциялар, металдан жасалған бұйымдар, авторлық аксессуарлар мен ұлттық қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалауға болады.

Жәрмеңкенің маңызды оқиғаларының бірі белгілі қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің «Қайсар рух» және «Жизнь без рук» кітаптарының тұсаукесері болды.

Суретші шығармашылығы мен қоғамдық қызметінің арқасында халықаралық деңгейде танылған.
Жәрмеңкеге келушілер суретшінің кітаптарымен қатар, көрме экспозициясына қойылған көркем туындыларымен де таныса алады.

Мәдени бағдарлама аясында Амантай Жұмашұлы мен Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі өнер көрсетті. Өнерпаздар Сарыарқаның музыкалық дәстүрлерін дәріптейтін ұлттық әндер орындап, би композицияларын ұсынды.

Екі күндік жәрмеңке бағдарламасына дизайнерлік топтамалардың көрсетілімі, шығармашылық шеберлік сабақтары және Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі әртістерінің концерттік қойылымдары да енгізілген.

18 қазанда жәрмеңке жұмысын жалғастырады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалап, шеберлердің туындыларымен танысып, мәдени бағдарламаға қатыса алады. Сондай-ақ авторлық бұйымдарды сатып алуға мүмкіндік бар.

Өтетін орны: Qazaq Creative Hub, Жошы хан көшесі, 16/2.

Кіру тегін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды