Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қауіпсіз үй" және "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері жүргізген тексерулер барысында Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу тәртібін бұза отырып жүрген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтары анықталды.
Материалдарды қарау нәтижесінде екі шетел азаматына қатысты сот Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы шешім қабылдады. Тағы екі шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.