Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр

Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр
Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды меңгеріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бастап дрон операторларын даярлау құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына енгізілді. Бұл сарбаздарға заманауи әскери-қолданбалы дағдыларды игеріп, жаңа мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді. Әскери қызметшілердің даярлығы жас жауынгер курсынан басталады. Бұл кезеңде олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, саптық және атыс даярлығынан өтеді, әскери күн тәртібіне бейімделіп, бөлімше құрамында әрекет етуді үйренеді. Сонымен қатар дрондарды басқару бойынша да білім алады. Оқу сыныбында ұландықтар дрондардың құрылымын, оларды басқару ережелерін, техникалық қызмет көрсету тәртібін және тактикалық қолдану негіздерін меңгереді. Бағдарлама аясында командирден, FPV-дрон операторынан, оқ-дәрілер жөніндегі маманнан және барлау операторынан тұратын жауынгерлік есептоп даярланады.

Оқыту кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен әр әскери қызметші өз мамандығы бойынша қажетті дағдыларды игереді, содан кейін топтық жаттығуларға қатысады. Бұл есептоп мүшелерінің өзара үйлесімді әрекет етуін пысықтап, міндеттерді бірлесе орындау дағдыларын қалыптастырады. Дайындықтан өткен сарбаздар патрульдік қызметке кірісіп, Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады. Заманауи технологиялар әскери істің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Сондықтан ұландықтардың мерзімді әскери қызмет кезінде жаңа технологиялар мен жұмыс тәсілдерін меңгеруі маңызды. Дрон операторларын даярлау әскери қызметшілердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, заман талабына сай дайындалуына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін тиімді орындауына ықпал етеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты