Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында көмір тасымалы үздіксіз жүзеге асырылуда

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында көмір тасымалы үздіксіз жүзеге асырылуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Елімізде 2026 жылдың 9 айында теміржол көлігімен көмір тасымалдау көлемі 77,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға көп (2025 жылдың 9 айында – 76,6 млн тонна). Оның ішінде 25 млн тонна экспортқа жөнелтілсе, 51 млн тоннадан астамы ел ішінде тасымалданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа жылыту маусымына дайындық басталғалы, ағымдағы жылдың 1 мамыры мен 30 қыркүйегі аралығында республика бойынша 28,1 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл көлем өткен жылғы тиісті кезеңдегі көрсеткішпен бірдей. Оның ішінде 25,8 млн тонна көмір жылу электр орталықтарына (ЖЭО), 2,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жөнелтілді. Барлық ЖЭО-да отын қоры белгіленген нормативтен жоғары немесе нормативтік деңгейде.

Ағымдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірге жоспарлы сұраныс 7,3 млн тоннаны құрайды. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 154 мың тоннаға аз. Сұраныстың төмендеуі елдегі газдандыру деңгейінің артуына байланысты.

Тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жалпы паркі 27 мың жартылай вагоннан тұратын «Қазтеміртранс» АҚ-ның 18,5 мың вагоны жұмылдырылды. Жүктеме жоғары кезеңдерде 3 мың вагонға дейін резерв қалыптастырылады. Жылжымалы құрам паркі көмір тасымалдау қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

Жылыту маусымына көмір тасымалдары штаттық режимде жүзеге асырылуда. Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету бойынша шектеулер мен мәселелер байқалмайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты