Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық 25-тен астам өндірушінің өнімі Түрікменстандағы көрмеге қойылды

Қазақстандық 25-тен астам өндірушінің өнімі Түрікменстандағы көрмеге қойылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанның 25-тен астам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушісі мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорны Түрікменстанда өткен ұлттық тағамдар фестивалінде отандық өнімдерін таныстырды. Қазақстанның ұлттық павильонында ұйымдастырылған көрме Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Әзербайжан Президентінің 8-консультативтік кездесуінің аясында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кездесуге қатысушы мемлекеттердің басшылары өңір елдерінің ұлттық тағамдары мен мәдени мұрасын таныстыратын павильондарды аралап, ұсынылған экспозициялармен танысты.

Қазақстанның ұлттық павильонында отандық өнімдердің кең таңдауы ұсынылды. Экспозиция еліміздің ұлттық тағамдарының байлығын, азық-түлік өндірісінің мүмкіндіктерін және агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетін көрсетті.

Көрмеге қазақстандық апорт алмасы, кондитерлік өнімдер, құрт, бал, сублимацияланған жемістер, балмұздақ, шоколад, ешкі мен түйе сүті, саумал, өсімдік майлары, шырындар, консервілер, шұжық және макарон өнімдері, жармалар, шұбат, балық өнімдері мен басқа да отандық тауарлар қойылды.

Қазақстан атынан көрмеге «Евразия Инвест ЛТД», «Баян Сұлу», «Нәтиже сүт фабрикасы», «Бижан» серіктестіктері, Apple Bee, «Рахат» акционерлік қоғамы, «Иссықский Апорт» шаруа қожалығы және басқа да отандық кәсіпорындар қатысты.

Халықаралық іс-шара қазақстандық өндірушілерге өз өнімдерін шетелдік аудиторияға таныстыруға, ұлттық гастрономиялық дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін көрсетуге және ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласындағы отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін паш етуге жол ашты.

Мұндай халықаралық алаңдар өңір елдері арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық азық-түлік өнімдерінің шетелдік нарықтардағы танымалдығын арттыруға ықпал етеді. ‎

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді