Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 266,4 млрд теңге салық түсті

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 266,4 млрд теңге салық түсті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев биылғы тоғыз айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері ауданнан мемлекеттік бюджетке 266,4 млрд теңге салық пен төлем түскен екен.

Оның ішінде 127,2 млрд теңге республикалық бюджетке, 139,2 млрд теңге жергілікті бюджетке бағытталды. Көтерме сауда көлемі 630 млрд теңгені құрап, бөлшек сауда көлемі 861,6 млрд теңгеге жеткен.

Құрылыс жұмысының көлемі де 42,6 млрд теңгеге жетіп, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 6,8%-ға өсіп отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 39,9 млрд теңгені құраған болатын.

«Әуезов ауданы – жақсы дамып келе жатқан, қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірінде үлкен орын алатын аудан», – дейді аудан әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді