Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Онда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Products – газ индустриясының халықаралық көшбасшысы, ол әлемнің 50-ден астам елінде жұмыс жүргізеді.

Кездесу барысында газ химиясы, көмір химиясы, сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ отандық металлургия өндірістерінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Олжас Бектенов Қазақстан жаңа сапа экономикасына дәйекті түрде көшіп келе жатқанын, мұнда негізгі басымдықтар технологиялық жаңғырту, технологиялар трансфері және заманауи өндірістер құру болып отырғанын атап өтті.

«Біз жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікке үлкен мән береміз және озық технологияларды дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз. Қазақстан айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие және жаңа индустриялық салаларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Air Products компаниясының Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болс Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге және экономиканың басым секторларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасына Air Products компаниясымен келешегі зор бірлескен жобалардың нақты пысықталуын жандандыруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады