Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды

Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында шренк шыршасы, жиде және өзге де ағаш түрлерінен тұқым алынуда. Қазірдің өзінде мамандар бір жарым тоннаға жуық дәнек жинады. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазан айының ортасынан бастап қара сексеуіл тұқымын жинау басталады. Биыл оның көлемін 10 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде жалпы аумағы 130 гектарға жуық 2 тұрақты және 10 уақытша тәлімбақ жұмыс істейді. Ол жерден жиналған тұқым орман қорын молайтуға бағытталады.  Мәселен, Балқаш ауданындағы «Күрті орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп, бір күнде 200 келі жиде тұқымын жинады. Ол үшін 50-ге жуық адам жұмыла жұмыс істеді.

«Күрті орман шаруашылығы» КММ директоры Ғабит Ақшабақовтың айтуынша,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2 миллиард түп ағаш отырғызу жоспары біртіндеп орындалып келеді. 2028-2035 жылдар аралығында 80 гектар жерге 266 664 түп жиде көшетін отырғызу көзделіп отыр. Қазіргі таңда жиналып жатқан жиде тұқымы осы жоспарға сәйкес көшет дайындау мақсатында уақытша орман тұқымбағына себіледі. 

Табиғат аясында өткен шара оқушылардың таным-түсінігін тереңдетіп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйретеді. Игі іске белсене қатысқан Д.Қонаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Баукен Ерғали табиғатты қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.

«Желтораңғы ауылының жастары да, қарттары да  мұндай шаралардан қалыс қалған емес. Мен – осы ауылдың тумасымын. Мұндай  игі істерге қатысуды азаматтық парызым деп білемін. Себебі «Таза Қазақстанды» қалыптастыру – әрбір адамның жауапкершілігіндегі іс», – деді жас табиғат жанашыры.

Тұқым жинау, оны күтіп-баптау – табиғат байлығын көбейтіп, орман қорын сақтаудың негізі. Сондықтан Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді