Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орман тәлімбақтарын құру, өрт сөндіру техникасын жаңарту және жануарларды жерсіндіру: экологияны қорғау бойынша қандай шаралар қабылдануда

Орман тәлімбақтарын құру, өрт сөндіру техникасын жаңарту және жануарларды жерсіндіру: экологияны қорғау бойынша қандай шаралар қабылдануда
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Үкімет атынан жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, бүгінде республикада материалдық-техникалық жабдықтар жаңартылуда, орман өрт сөндіру техникасы сатып алынуда, өртті ерте анықтау жүйелері енгізілуде, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кеңейтілуде, қалдықтарды кәдеге жарату жобалары жүзеге асырылуда, ал сирек кездесетін жануарлар – жолбарыстар, құландар және Пржевальский жылқылары табиғатқа қайта жіберілуде.

Ормандарды қорғауды күшейту және материалдық-техникалық жаңарту үшін орталық бюджеттен өртке қарсы және орман өрт сөндіру техникасын сатып алуға 5,4 млрд теңге бағытталды, жергілікті құрылымдардан 6,7 млрд теңге бөлінді. Орман өрттерін тиімді сөндіру үшін тракторлар, арнайы техника мен жабдықтар сатып алынуда.

Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі «Қазақтелекоммен» бірлесіп жүзеге асырылуда. «Жасыл аймақ» пен «Семей орманы» сияқты 24 орман шаруашылығы аумақтарын зерттеу жұмыстары басталды.

6 өңірде жаңа орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бюджет 21,2 млрд теңгені құрайды, әрбір тәлімбаққа 3,5 млрд теңгеден қаралған. Оның қуаты – 6 млн көшет. Құрылыс 2025 жылы басталады. Биоалуантүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеу басталды.

Жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) – «Мерке» өңірлік паркі (86 мың га), «Арал» (471 мың га) және «Жайық орманы» (46,9 мың га) резерваттары құрылуда. Үш аумақты – Үстірт, Қаратау, Іле-Балқаш, 648 мың гектарға кеңейту жоспарлануда. 6 ЕҚТА-да бақылау өткізу пунктерін автоматтандыру және электрондық төлем жүйесі енгізілуде. Орманшыларға арналған білім беру орталығы ашылады.

2024 жылдан бері Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылып келеді. Экологиялық қозғалысқа 6 млн адам, оның ішінде 230 мың ерікті қатысты. 1,1 млн тонна қоқыс жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылды. Экомәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді, өңірлік жоспарлар мақұлданды. Экологиялық бастамалар қоғам тарапынан белсенді қолдауға ие болуда.

2 млрд түп ағаш отырғызылуда. 2021 жылдан бастап 1,145 млрд ағаш егілді. Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде – 1,1 млн гектарға сексеуіл отырғызу жоспарланған.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу мақсатында 238 млрд теңгеге 94 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Заманауи полигондар салу, қайта өңдеуді дамыту және қалдықтарды бөлек жинауды енгізу негізгі бағыттар саналады.

Сирек кездесетін жануарларды табиғатқа қайта жіберу жұмыстары жалғасуда. Жолбарыстар, құландар мен Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады