Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында орман қоры ұлғаюда

Алматы облысында орман қоры ұлғаюда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Кеген ауданы – қарағай өсіруден елімізде көш бастап тұрған аймақтардың бірі. Тау бөктерін жасыл-желекке бөлеген осындай сұлулықты сақтау үшін орман шаруашылығы қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі кезде орманшылардың діттеген басты мақсаты – жергілікті табиғатқа тән Шренк шыршасының санын көбейту, – деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеген орман шаруашылығы» КММ директоры Айболат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде 154,4 гектар аумаққа 1 069 920 қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Одан бөлек 110 гектар аумаққа 118 мың ағаш көшеті егілген. Бұл жұмыстар топырақтың тозуына жол бермейді. Орманшылардың жұмысы отырғызылған көшеттердің санымен емес, олардың жергілікті аумаққа бейімделу деңгейімен бағаланады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75-80 пайызды көрсетіп отыр.

Орманның алтын қоры тұқым өсіру станциялары және дендрарийлерде дайындалады. 2021-2025 жылдар аралығында орман шаруашылығы мамандары 1400 келіден астам іріктелген тұқым жинаған. Осылайша, сырттан көшет әкелмей-ақ, жергілікті жерде әзірленген тұқым арқылы орман алқабы одан сайын жайқалып келеді.

Бұл бағыттағы негізгі нысан – дендрарий. Мұнда 3,25 гектар аумақта бірнеше жыл ішінде 2 879 000 көшет өсірілген. Бұл Саты ауылы маңындағы орманды толықтыруға арналған. Сонымен қатар көшеттер Алматы облысының өзге де аймақтарына жіберіледі. Болашақта дендрарийде өсірілген үш миллионға жуық ағаш орманнан орын тауып, экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң әсерін тигізбек.

Бүгінде жалпы аумағы 89 941 гектар болатын Орман шаруашылығында 109 адам еңбек етеді. Қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Олардың қатарында жол талғамайтын 19 патрульдік автокөлік, 62 жылқы, 2 өрт сөндіру көлігі, 3 жүк көлігі, 6 дөңгелекті және 5 шынжыр табанды трактор, 1 шағын трактор және 1 экскаватор бар.

Соңғы жылдары бұл салаға жас мамандар көптеп келуде. Бұған жалақының өсуі мен материалдық-техникалық құралдардың тұрақты жаңартылуы оң әсерін тигізіп отыр. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асуда. Сондай-ақ өңірдің экотуризмін дамытуға және табиғи байлығын сақтауға серпін беруде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады