Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі – қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қылмыстық мақсатта пайдаланылған 1 700-ден астам қаруды тәркіледі. Олардың қатарында 34 автомат, 458 тапанша, мыңнан астам мылтық, 3 гранатомет және 12 мыңға жуық оқ-дәрі бар. 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақты іздестіруге ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр. Жыл басынан бері осындай 152 қару бірлігі заңсыз айналымнан алынды. Тек қыркүйек айының өзінде тағы 9 қару тәркіленді. Тамыз айында Алматы және Өскемен қалаларында полиция қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынынан Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінен қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған үш қару бірлігін тәркіледі.

Қыркүйек айының басында Тараз қаласында үйінде Макаров тапаншасын сақтаған жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған қарудың да 2022 жылғы қаңтарда Жамбыл облысында ұрланғаны анықталды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру жөніндегі республикалық акция жалғасуда. 20 сәуірден бері азаматтар 900-ден астам қару бірлігін және 6 мыңға жуық оқ-дәріні өз еркімен тапсырды. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған адамдар заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды