Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Тимор-Лешти дипломатиялық қатынастар орнатты

Қазақстан мен Тимор-Лешти дипломатиялық қатынастар орнатты
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Тимор-Лешти Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Бендиту душ Сантуш Фрейтаспен кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.

Тараптар саяси диалогты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық, білім беру, мәдениет, туризм және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстан тарапы Тимор-Лештиді АСЕАН-ның 11-мүше мемлекеті ретінде ұйымға қосылуымен құттықтап, екіжақты негізде, сондай-ақ Қауымдастық аясындағы ынтымақтастық шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін білдірді.

БҰҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі, оның ішінде орнықты даму және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Тараптар тұрақты байланыстарды қолдауға және екіжақты қатынастарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды