Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Алматыда өздерін ҰҚҚКБ қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды

ІІМ: Алматыда өздерін ҰҚҚКБ қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
Фото: polisia.kz

ІІМ бопсалау, қорқыту және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін заңсыз пайдалану фактілеріне байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда өздерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырып, қару қолданып, мегаполис тұрғынынан ақша талап еткен адамдар ұсталды. Атап айтқанда, 10 тамызда бір топ адам алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің соңынан аңдыған. Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, тапаншамен қорқытып, оны көлікке отыруға мәжбүрлеген және қала сыртына алып кеткен. Олар қысым көрсетіп жәбірленушіні туысына қоңырау шалуға мәжбүрлеген. Осылайша туысы олар көрсеткен нөмірге 3 млн теңге аударған. Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған төрт адамды ұстады. Олардың біреуі бұған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында 2 мылтық, карабин, газ тапаншасы және оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Осыған ұқсас қылмыстық іс Ақтөбе облысында да қозғалды. Онда бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол да өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғындардан психологиялық қысым көрсету арқылы ақша талап еткен. ІІМ азаматтарды қырағы болуға және өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардың қорқытуы мен қысымына берілмеуге шақырады. Мұндай жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға жүгіну қажет. ІІМ азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделеріне қарсы қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды