Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 62,7 млрд теңге көлеміндегі облигацияларын өтеді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 62,7 млрд теңге көлеміндегі облигацияларын өтеді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы жалпы сомасы 62,7 млрд теңгелік орта мерзімді облигациялардың екі шығарылымы бойынша өз міндеттемелерін толық орындады. Инвесторларға тиесілі төлемдер осы жылдың тамыз айының соңында толық көлемде жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде инвесторларға 60 млрд теңге негізгі борыш қайтарылып, 2,7 млрд теңге көлемінде купондық сыйақы төленді.

Аталған облигациялар өткен жылдың басында Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылған болатын. Облигациялардың айналыс мерзімін 1,5 жыл деп белгілеу кезінде Корпорация тиімді қаржылық жоспарлау қағидаттарын және астық нарығындағы ақша айналымының ерекшеліктерін ескерді.

«Қаржыландыру мерзімін айқындау кезінде астық нарығындағы ақша айналымының ерекшеліктерін ескердік. Егінді сатып алу кезеңінде өтімділікке деген қажеттілік айтарлықтай артады, ал өнімді өткізуден түсетін қаражат кейінгі кезеңдерде түседі. Облигациялардың 1,5 жылдық айналыс мерзімі компанияның қаржыландыруға деген қажеттілігін күтілетін ақша түсімдерімен үйлестіруге және инвесторлар алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындауға мүмкіндік берді», – деді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.

Оның айтуынша, қаржы ресурстарын тиімді басқару Корпорация үшін ерекше маңызды. Себебі компания астық нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға елеулі үлес қосады.

«Біз үшін компанияның қаржылық тұрақтылығын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөндірушілерді қолдау сияқты басым міндеттерімізбен ұштастыру аса маңызды. Корпорация ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржыландыруға қолжетімділік береді. Оның ішінде форвардтық және тікелей сатып алу бағдарламалары арқылы қолдау көрсетіледі.
Сондықтан өтімділікті және борыштық жүктемені тиімді басқару аграрлық секторды қолдауға қажетті ресурстарды сақтап, жұмысты тұрақты жалғастыру мүмкіндігімізмен тікелей байланысты», – деп атап өтті Ильдар Исмагулов.

Облигациялардың өтелуіне байланысты Корпорацияның 2026 жылдың басынан бергі жалпы борыштық міндеттемелері 52,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.

«Біз міндеттемелеріміздің едәуір бөлігін негізгі қызметтен түскен қаражат есебінен уақтылы өтедік. Сонымен қатар компания агроөндірушілермен жұмысты жалғастыруға қажетті қаржы ресурстарын сақтап отыр. Борыштық жүктеменің төмендеуі алдағы қаржыландыруды тиімді жоспарлауға және Корпорацияға жүктелген міндеттерді тұрақты орындауға жол ашады», – деді Ильдар Исмагулов.

Корпорация борыштық жүктемені одан әрі төмендету, қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру және аграрлық секторды тұрақты қаржыландыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы Қазақстанның астық нарығында оператор функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компания. Корпорация астық нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысады, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өткізу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдарды ұсынады.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының жалғыз акционері - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды