Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі
Фото: pixabay.com

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі. Бұл қызметтер әйелдердің репродуктивтік денсаулығының барлық маңызды кезеңдерін – отбасын жоспарлаудан бастап босанғаннан кейінгі қалпына келуге дейінгі кезеңді қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

425 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы мен 24 облыстық перинаталдық орталықтың базасында жеке тіркеу бөлімдері, емшара кабинеттері және отбасын жоспарлау орталықтары ұйымдастырылған әйелдер консультациялары ашылды.1 миллионнан астам әйел әйелдер консультацияларының қызметтерін алды. Ал жүктіліктің 10 аптасына дейін есепке тұрған жүкті әйелдердің үлесі 18%-ға артып, 71%-ды құрады.

Ұрықтың туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау мақсатында барлық өңірлерде перинаталдық орталықтардың базасында «Бір күндік клиникалар» ұйымдастырылды. Мұнда жүкті әйелдер кепілдік берілген медициналық көмек шеңберінде 5 түрлі зерттеуден өтіп, нәтижесін келесі күні алады.

2026 жылы диагностикалық зерттеулермен 100 мыңнан астам жүкті әйел қамтылып, 500 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Нәтижесінде ұрық кемістіктерін анықтау көрсеткіші 13%-ға артса, нәресте өлімінің көрсеткіші 15%-ға төмендеді.

2025 жылдан бастап Қазақстанда әйелдерді салауатты жүктілікке дайындауға бағытталған бірегей «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның шеңберінде 12 түрлі тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік қарастырылған.

Жыл сайын республикада 300 мыңнан астам босану қабылданады. Мемлекет ана мен бала денсаулығын сақтауға, әрбір әйелге тұрғылықты жеріне немесе қаржылық мүмкіндігіне қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге барлық жағдайды жүйелі түрде жасап келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды