2021 жылы Қазақстанда коронавирустық инфекцияның мерзімді өсуіне қарамастан туу көрсеткіші өскені байқалды. Осылайша, өткен жылы 450 652 бала дүниеге келді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 23 349-ға көп екенін атап өткен жөн, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Соңғы 5 жылда елімізде бала туудың тұрақты өсуі байқалады, жалпы алғанда 7,2% - ға, туған балалар саны 15% - ға артты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдерге ана мен бала денсаулығын қорғауды ерекше бақылауға алуды, перинаталдық медициналық көмекті сапалы деңгейде қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
2021 жылы КВИ ауруының өсуіне байланысты COVID-19-бен сырқат жүкті әйелдер мен бала туу жасындағы әйелдердің саны 2020 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Егер 2020 жылы олардың саны 10,2 мыңға жуық болса, 2021 жылы 26 050-ге жетті.
Реанимация бөлімшелерінде коронавирустық инфекция ауыр өтіп жатқан жүкті әйелдердің саны 2,4 есе көп, ал, өкпенің жалпы зақымдануы бар 61 пациент экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратына қосылған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп болды.
Экстракорпоралды мембраналық оксигенация қондырғысы реанимациядағы пациенттің өкпесі мен жүрегінің қызметін қолдауға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар, ауыр науқастардың арасында вакцинацияланған адамдар жоқ.
Жедел ден қоюды қажет ететін әрбір жағдай бойынша және ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге тәулік бойы консультация беру үшін жетекші бейінді мамандардың қатысуымен мультидисциплинарлық топтардың консилиумдары өткізілді.
Ауыр жағдайдағы 299 жүкті әйелге санитарлық авиация арқылы республикалық клиникаларға тасымалдау қажет болды.
Санавиация арқылы өңірлерге жүкті әйелдер үшін 323 ұшу орындалды.
Бүгінгі күні республикада 239 босандыру ұйымдары, 144 - 1-ші деңгейлі, 56 - 2-ші деңгейлі перзентханалар, 3-ші деңгейлі 39 перинаталдық орталықтар жұмыс істейді, онда 8 354 босандыру төсектері орналастырылған.