Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады: Елімізде нәресте мен ана өлімі азайды

Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады: Елімізде нәресте мен ана өлімі азайды
Фото: pixabay.com

Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі арқылы аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырып келеді. Босандыру қызметі мамандарының білікті әрі үйлесімді жұмысының арқасында 2024 жылы 367 мың әйел сәтті босанды. Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа медициналық технологияларды енгізу және хаттамаларды жетілдіру неонаталды өлім-жітімді 19%-ға төмендетуге, сондай-ақ соңғы 10 жылда нәрестелердің шетінеп кетуін 6,7%-ға және ана өлімін 11,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Туа біткен ақауларды ерте анықтау үлесі 10%-ға өсті. 

Генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтау мақсатында 15 перинаталды орталықта «Бір күндік клиникалар» ашылды. Бүгінгі таңда 50 мыңнан астам жүкті әйел тексеруден өтті. Нәтижесінде, 7 мыңнан астам әйелде ұрықтың дамуындағы ақаулар анықталды. Перинаталды орталықтар базасында «Ұрық медицинасы» жобасы да жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 37 жатырішілік ота жасалды.

Жастар мен бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында арнайы іске қосылған «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде жүктілікті жоспарлаған әрбір әйел денсаулық жағдайын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік жасалды. Акушерлік-гинекологиялық көмектің 25 клиникалық хаттамасы өзектендірілді.

Акушерлік салада инновациялық технологиялардың үш түрі енгізілді. Мамандардың біліктілігін арттыру шеңберінде 2 мыңнан астам акушер-гинеколог, 400 реаниматолог оқытылды және 100 үйлестіруші даярланды. 

Босандыру және ана мен балаға көрсетілер қызметті дамытумен қатар, мемлекеттің жүйелі күш-жігері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың сапалы және қауіпсіз дәрілік заттарға үздіксіз қол жеткізуі үшін бірқатар қадам қабылдады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2,9 млн науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану үшін стационарларда 78 госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды. Препараттарды қабылдауды дербестендірілген есепке алудың жаңа әдістемесі енгізілді.

Дәрі-дәрмектердің шекті бағалары мен үстемелерін реттеу ережелеріне өзгерістер енгізілді, бұл амбулаториялық қамтамасыз ету шеңберінде де, бөлшек дәріхана желісінде де дәрілік заттардың құнын төмендетуге мүмкіндік берді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты