Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында үй жағдайында есірткі өсірген екі адам ұсталды

Жетісу облысында үй жағдайында есірткі өсірген екі адам ұсталды
Фото: polisia.kz

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы Ақсу ауданының полиция қызметкерлері ҰҚК аудандық бөлімшесімен бірлесіп, жеке тұрғын үйде есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру және сақтау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Жансүгіров ауылындағы үйлердің біріне тінту жүргізілді. Нәтижесінде есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруге арнайы жабдықталған бірнеше бөлме анықталды. Бөлмелерде өсімдіктер отырғызылған құмыралар, сондай-ақ жасанды жарықтандыру жүйесі орнатылған шағын жылыжай анықталды. Тінту барысында жалпы салмағы 5 келіден асатын 28 түп каннабис, 720 грамм жаңадан жиналған және 762 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында Ақсу ауданының 60 және 64 жастағы екі тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда отыр. Аталған дерек бойынша өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Сондай-ақ азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты белгілі болған фактілер туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты