Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі бақылауда

Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі бақылауда
Фото: polisia.kz

Елордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Назар аударыңыз – балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Қызметкерлер ойын-сауық орындарын, компьютерлік клубтарды және өзге де қоғамдық орындарды тексеріп, заң талаптарының сақталуын бақылайды. Кезекті рейд барысында елордалық полицейлер компьютерлік клубтардың бірінен түнгі уақытта жүрген 15 жастағы жасөспірімді анықтады.

Тексеру кезінде оның заңды өкілінің қарауынсыз болғаны белгілі болды. Осыған байланысты жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағанның түнгі уақытта компьютерлік клубта болуына жол берген мекеме иесі де заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарға баланың бос уақытын бақылауда ұстап, оның қайда және кіммен жүргеніне назар аударудың маңызын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты