Ақтауда есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда “Қарасора — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Нива автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тінту барысында есірткі заты салынған тоғыз пакет табылып, тәркіленді. Кейін Ақтау қаласының 25-шағын ауданындағы гаражды тінту кезінде полицейлер осыған ұқсас есірткі заты салынған тағы төрт пакетті, сондай-ақ 85 дана зип-пакетті тәркіледі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.