Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда полицейлер мефедрон сақтады деген күдікпен ер адам қолға түсті

Маңғыстауда полицейлер мефедрон сақтады деген күдікпен ер адам қолға түсті
Фото: polisia.kz

Маңғыстауда полицейлер мефедрон сақтады деген күдікпен ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарасора" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында Mitsubishi Montero Sport автокөлігін тоқтатты. Жеке тінту барысында 28 жастағы жүргізушіден мефедрон салынған бір зип-пакет тәркіленді.

Автокөлікке жүргізілген тінту кезінде полицейлер мефедрон салынған 18 пластикалық құтыны, 5 зип-пакетті, электрондық таразыны, 120 мың теңге, синтетикалық есірткі затының іздері бар тәрелкені және түтікті тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында есірткі заттарын бөлшектеп орауға арналған 4 орам оқшаулағыш таспа және шамамен 100 дана жаңа зип-пакет табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған азаматтың есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты ол сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді