Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық спортшы боччадан халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Елордалық спортшы боччадан халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Чехияда боччадан Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Итиана Шыңғысханова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық спортшы жарыс барысында барлық кездесуін жеңіспен аяқтап, топтық кезеңнен сәтті өтті. Кейін жартылай финал мен финалда да қарсыластарынан басым түсті.

Топтық кезеңде Итиана Шыңғысханова Израиль өкілі Орел Якоовты 9:3, Жаңа Зеландия спортшысы Хлоя Стуртты 7:3 және Словакия өкілі Кристина Кудлацованы 5:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда елордалық спортшы Грекия өкілі Элисавет Иосифидоумен кездесіп, 8:1 есебімен айқын басымдық танытып, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Итиана Шыңғысханова Израиль өкілі Орел Якоовпен қайта кездесіп, 10:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Итиана Шыңғысханова Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық турнирінің чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді