Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қысқы Азия ойындары: астаналық спортшылар шорт-тректен алтын медаль үшін сынға түседі

Қысқы Азия ойындары: астаналық спортшылар шорт-тректен алтын медаль үшін сынға түседі
Фото: Астана қ.әкімдігі

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында IX Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2000 метрге аралас эстафетаның ширек финалында қазақстандық спортшылар 2:45.431 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетіп, Жапония мен Тайбэй командаларын артта қалдырды. Команда сапында Астана қаласының қос спортшысы – Малика Ермек пен Абзал Әжіғалиев өнер көрсетті.Осылайша, Қазақстан құрамасы аралас командалық эстафетада сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде отандастарымыз екінші болып мәре сызығын кесіп, финалға шықты. Жартылай финалда ел намысын Астана қаласының спортшысы Әділ Ғалиахметов қорғады.Айта кетейік, байрақты бәсекеде Астана қаласының атынан шорт-тректен бес спортшы өнер көрсетеді. Олар – Әділ Ғалиахметов, Малика Ермек, Мадина Жанбосынова, Айбек Нәсен және Абзал Әжіғалиев.Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады. Қазақстан құрамасы енді алтын медаль үшін таласады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты