Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биылғы жылдың басынан бері ҚХР шекарасында 113 тоннадан астам бақылаудағы өнімнің заңсыз әкелінуінің жолы кесілді

Биылғы жылдың басынан бері ҚХР шекарасында 113 тоннадан астам бақылаудағы өнімнің заңсыз әкелінуінің жолы кесілді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы Жетісу облысы Панфилов ауданындағы «Нұр Жолы» ветеринариялық бақылау бекетінде Қытай Халық Республикасынан әкелінетін және транзитпен өтетін жүктерді тексеру кезінде ветеринариялық заңнаманы бұзу бойынша 7 дерек анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы инспекторлары жалпы көлемі 113 тоннадан астам өнімді тоқтатты, оның ішінде 66,4 тонна мұздатылған тауық сұлы еті, 46,8 тонна үйрек еті, 22 тонна балыққа арналған жем бар.

Аталған тауарлардың импорты мен транзиті ҚХР-дан құс шаруашылығы өнімдеріне қатысты елімізде енгізілген қолданыстағы уақытша ветеринариялық шектеулерді бұзғаны анықталды. Осы дерек бойынша 2 жеке және 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан заңнамасына және ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, өнімдер жоюға болатын, қауіпсіз емес деп танылды.

2026 жылдың наурызы мен мамыры аралығында барлық өнім Панфилов ауданындағы арнайы жабдықталған алаңда өртеу әдісімен толықтай жойылды.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан шекарасы арқылы бақылаудағы жүктерді өткізген кезде белгіленген ережелерді қатаң сақтаудың қажеттігін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
References: Legiano Casino Neukundenbonus rtraveler.ru
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді