Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы тексерілді

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы тексерілді
Фото: primeminister.kz

Үкімет су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту саласында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осы міндеттердің жүзеге асырылу барысын бақылау шеңберінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында салынып жатқан жаңа «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыйымдылығы 68 млн м3 болатын су қоймасы Бөген өзенінің көктемгі ағынын жинақтап, вегетациялық кезеңде қосымша су қорын пайдалануға мүмкіндік береді. Су қоймасының аумағы – 220 га, бөгеттің ұзындығы – 3,9 шақырым. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін қосымша су көлемімен 9,7 мың га суармалы жер қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 86%. Құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Көктемгі ағын кезеңінде жиналған су кейін ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалану үшін Бөген су қоймасына жіберіледі. Бұл су ресурстарын жыл бойы барынша біркелкі бөлуге және суға сұраныс ең жоғары кезеңде шаруаларды сумен қамту сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Суармалы егіншілік алқаптары ауқымды Түркістан облысы үшін су жинақтау инфрақұрылымын дамыту – су қауіпсіздігін нығайтудың негізгі бағыттарының бірі. Жаңа су қоймаларын салу тасқын және маусымдық кезеңдердегі су ағынын жинақтап, суға қажеттілік артқан кезде пайдалануға мүмкіндік береді.

Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жұмыстары басқа да нысандарда жалғасуда. Биыл Түркістан облысының Төле би ауданында сыйымдылығы 1,2 млн м3 болатын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы аяқталды. Ол 500 га суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етуге арналған.

Бұдан бөлек, Ислам даму банкімен бірлесе үш жаңа су қоймасын – Жамбыл облысындағы «Ақмола», Қызылорда облысындағы «Қараөзек» және Батыс Қазақстан облысындағы «Үлкен Өзен» су қоймаларын салу жобалары жүзеге асырыла бастады. Үш жоба бойынша да конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Luella
  • 12-09-2026, 17:38
  • : 17:38
11xplay reddy anna login registration app (Johanna) I don't know if it's just me or if everybody else encountering issues with your site. It appears as though some of the written text within your content are running off the screen. Can someone else please comment and let me know if this is happening to them as well? This may be a issue with my browser because I've had this happen before. Many thanks
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді