Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын

Астанада қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын. Елордада қолданыстағы жылумен жабдықтау нысандарын қысқа дайындау жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен қатар жылу көздерін жаңғырту және жаңа нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елорданың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне бес негізгі энергия көзі кіреді. Олар – ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары.Жылу қуатының резерві алдағы жылыту кезеңінде қаланың қажеттілігін қамтамасыз етуге және жүктеме артқан жағдайда қосымша қор қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана тұрғындарының өсуі мен қаланың қарқынды дамуын ескере отырып, жылу қуатын арттыру жұмысын жалғастырып жатыр.

Қазір ЖЭО-3-тің көмірмен жұмыс істейтін бөлігінің құрылысы, сондай-ақ ЖЭО-2 су жылыту қазандығын кеңейту және қайта жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл жоба аясында №7 және №8 қазандықтар орнатылады.

Жаңа негізгі нысандардың бірі – қуаты сағатына 620 Гкал болатын «Телман» газ жылу станциясы. Оны биыл пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа жылу көзі жылу қуатының резервін одан әрі арттырып, елорданы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін күшейтеді.

Осылайша, Астанада қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын, алдағы кезеңге қосымша резервтер қалыптастыру жұмысын қатар жүргізіп жатыр. Бұл қолданыстағы тұрғын үй құрылыстарын, сондай-ақ елорданың даму қарқынына қарай жаңадан бой көтеріп жатқан аудандарды тұрақты әрі сенімді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді