Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылу беру маусымына дайындық: Астанада жылумен жабдықтау саласында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жылу беру маусымына дайындық: Астанада жылумен жабдықтау саласында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданы жылумен жабдықтау саласында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елорданың жылу-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Қаланың өсу қарқынын ескере отырып, жылу қуатын арттырып, қолданыстағы нысандарды жаңғыртып, жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды қосуға қажетті резерв қалыптастырып келеміз. Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына кешенді дайындық жүріп жатыр.

«Телман» газ жылу станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл нысан елорданың болашақтағы құрылыс аймақтарын сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, жылумен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілетін арттыруға және жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды қосуға қажетті жылу қуатының резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде нысанның құрылысқа дайындық деңгейі 76%-ды құрайды.

Сол сияқты ЖЭО-2-дегі су жылыту қазандығын кеңейту және №7, №8 су жылыту қазандықтарын орнату арқылы қайта жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру қаланың негізгі жылу көздерінің бірінің қуатын арттырып, жүйенің сенімділігін күшейтуге және жаңа тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Қаланың энергетикалық кәсіпорындары жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлы жөндеу жұмысын қатар жүргізіп жатыр.
ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі үш қазандыққа, бір турбинаға, бір трансформаторға және екі су жылыту қазандығына күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл 7,5 км жылу желісі күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғыртылады. Сонымен бірге, 67,4 км әуе және кабель желісін, 68 тарату және трансформаторлық қосалқы пунктіні, электр желісі инфрақұрылымының өзге де нысандарын жөндеу жоспарланып отыр.
Елорданы газдандыру жұмысы да жүйелі түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта газбен жабдықтау жүйесіне 14,4 мың абонент қосылды.

Газдандыру жұмысы Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Өнеркәсіптік, Оңтүстік-Шығыс, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, Family Village, Vela Village, Үркер, Телман, Кірпішті, Шұбар, Ақбидай, Қазақауыл елді мекендері мен шағын аудандарын, сондай-ақ Потанин көшесі маңындағы қаланың ескі бөлігін қамтыды.

ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі 16 қазандық газға көшірілді, 23 әлеуметтік нысан газбен жабдықтау жүйесіне қосылды.
Биыл «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның инвестициялық қаражаты есебінен Қазқалашық елді мекенінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Өндіріс елді мекенін газдандыру жобасы толық дайын күйінде пайдалануға беріледі.

Бұл жобалардың барлығы елорданың инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, қажетті қуат резервін қалыптастыруға және қарқынды дамып келе жатқан қаланы тұрақты жылумен, электрмен және газбен қамтамасыз етуге бағытталған», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді