Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында дала қыраны мен өңірдің табиғи байлығы зерттелуде

Алматы облысында дала қыраны мен өңірдің табиғи байлығы зерттелуде
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында «Шөлейттен Тянь-Шань шыңдарына дейін» атты бес күндік ғылыми-танымдық экспедиция өтті. Экспедиция Алматы облысы әкімдігінің, Алматы облысының туризм басқармасының және @visitalatau туристік ақпараттық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара Toyota Kazakhstan компаниясының National Geographic Qazaqstan және Зоология институтымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Дала қыраны» жобасы аясында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспедиция бағыты Алматы қаласынан басталып, Сөгеті шатқалы, Бестамақ және Телес сарқырамасы арқылы өтті. Одан әрі қатысушылар Темірлік шатқалы мен Қара шатқалға бағыт алып, Кеген арқылы Баянкөлге қарай жол тартты. Мұнда экспедиция мүшелері аңғарды зерттеп, табиғи ландшафттарды зерделеді және Тянь-Шаньның қарлы шыңдары көрінетін ең қолайлы панорамалық нүктелерді іздеді. Қайтар жолда маршрут Ассы үстірті арқылы өтіп, қатысушылар күннің шығуын тамашалады. Экспедиция Алматыға оралумен аяқталды.

Экспедиция барысында қатысушылар құстар мен омыртқалы жануарларды бақылап, олардың түрлерін, мінез-құлық ерекшеліктері мен мекен ету ортасын тіркеді. Ерекше назар дала қыранын (Aquila nipalensis) зерттеуге аударылды: мамандар ұя салатын аумақтарды, оларға іргелес жерлерді және қоректік базаны зерделеді. Түр санының азаюы жағдайында «Дала қыраны» жобасы оның популяциясы мен көші-қон бағыттарын зерттеуге, сондай-ақ табиғатты қорғау шараларын одан әрі жүзеге асыруға ғылыми негіз қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан түрді сақтауда маңызды рөл атқарады, өйткені оның әлемдік популяциясының едәуір бөлігі еліміз аумағында ұя салады.

Экспедицияға ғалымдармен қатар National Geographic Qazaqstan өкілдері, фотографтар, бейнеграфтар, журналистер мен блогерлер қатысты. Шығармашылық топ зерттеу жұмыстарының барысын құжаттап, Қазақстанның табиғи мұрасы туралы фото және бейнематериалдар әзірледі.

Жоба аясында «Қазақстан құстары» фотобайқауы өтіп жатыр. Зерттеу нәтижелері мен үздік фотоматериалдар қазан айында Алматыда арнайы көрмеде таныстырылады. Маусым қорытындысы бойынша Зоология институты зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми есеп дайындап, оны табиғатты қорғау жұмыстарында одан әрі пайдалануға ұсынады.

Жоба ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған және дала қыранына жүйелі зерттеулерді жалғастыруды, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауды және дала экожүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді