Астана қаласының оқушылары PISA-2025 халықаралық зерттеуінде еліміз бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Олар зерттеудің үш негізгі бағыты бойынша да республикалық орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, оқу сауаттылығы бойынша Астана оқушылары 421 балл жинап, ел өңірлері арасында 1-орынға ие болды.
Математикалық сауаттылық бойынша 2-орын (445 балл), ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 451 балл жинап, 2-орынды иеленді.
Бұл көрсеткіштер елорда оқушыларының білімді меңгеруімен қатар, оны өмірлік жағдаяттарда қолдану, ақпаратты талдау, логикалық ойлау және өз бетінше шешім қабылдау дағдыларының жоғары деңгейде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Ең маңыздысы үш бағыттың барлығында да Астана көрсеткіші республикалық орташа нәтижеден жоғары.
PISA зерттеуіндегі жоғары нәтиже – елордалық білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі. Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.