Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада креативті индустрия өкілдеріне арналған акселерация бағдарламасы іске қосылады

Астанада креативті индустрия өкілдеріне арналған акселерация бағдарламасы іске қосылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры MOST Business Intelligence компаниясымен бірлесіп, креативті индустриялар мен технологиялар саласындағы жобаларын дамытып жүрген кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға арналған практикалық акселерациялық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акселерация екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Алматыда 21 қыркүйекте, Шымкентте 5 қазанда және Астанада 19 қазанда өтетін өңірлік буткемптерді қамтиды. Бағдарламаның екінші кезеңі Астанада өтетін 7 күндік офлайн менторлық сессия форматында ұйымдастырылады.
Бағдарлама төрт бағытты қамтиды: аудиовизуалдық өнер, музыка және сахна, визуалды және қолданбалы өнер, әдебиет, медиа және жасанды интеллект.

Creative Shift кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық командаларға жобаларын дамытуға және масштабтауға қажетті практикалық құралдарды ұсынады. Бағдарламада бизнес-модель, монетизация, ілгерілету, жасанды интеллект, дистрибуция және инвестиция тарту бағыттары қамтылады.

Бағдарламаға қатысу шарттары мен өтінім беру тәртібі «Қолдау шаралары» бөлімінде қолжетімді. Қатысу үшін QazaqCreative платформасында тіркелу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді