Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңаөзенде полицейлер мұнай нысандарынан жабдық ұрлады деген күдіктіні ұстады

Жаңаөзенде полицейлер мұнай нысандарынан жабдық ұрлады деген күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

"Металл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік нысандарынан жабдықтарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдымен полицияға Теңге ауылында орналасқан ұңғымалардың бірінен екі шиберлі ысырманың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Ұрланған жабдықтың жалпы құны 1,5 миллион теңгеден астам соманы құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Кейінгі тексеру кезінде оның осыған ұқсас өзге де ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Жалпы ер адам кәсіпорын мүлкін ұрлаудың алты дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ұрланған жабдықтардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді