Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Оралда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Оралда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығы аумағында бірнеше ұрлық жасағаны үшін 30 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ер адамның бір гараждың кірпіш қабырғасын бұзып кіріп, одан төрт қысқы автокөлік дөңгелегін ұрлап кеткені анықталды. Бұдан бөлек, ол тағы бір гаражға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырған, сондай-ақ автокөліктердің құлпын бұзып, ішіндегі заттарды ұрлауға қатысы бар екені белгілі болды. 

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі 1,2 млн теңге деп бағалануда. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді