Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер Қапшағай жағалауындағы бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады

Полицейлер Қапшағай жағалауындағы бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады
Фото: Polisia.kz

Қонаев қаласының полиция қызметкерлері Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында болған бірнеше ұрлық деректеріне қатысы бар деген күдікпен 20 және 26 жастағы екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша күдіктілер демалушылардың бейқамдығын пайдаланып, тапшандар мен шатырлардан телефондарды жасырын түрде ұрлап отырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары азаматтарға демалыс кезінде қырағылық танытып, жеке заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Курортты аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және мүліктік қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілген тәртіпте жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді